Tuesday, 15 February 2011

Адай күйі

Адай күйі

video


Құрманғазының күй шығару кезеңінің аяқ жағына жататын күйлердің бірі. Көпке аты белгілі – «Адай» күйі. Өйткені, Адай руы Исатай, көтерілісінде көзге түскен. «Адай» күйінің негізінде атшабысты бейнелеу ырғағы бар. Бұл күйді 1934 жылы Қ.Жантілеуов орындап берді, сол орындауда «Адай» оркестрге түсті. «Адай» күйі «Аманкелді» фильмінде пайдаланылды /қуғын-сүргін жерінде.



Шығу тарихы:


Бұл күй Абай қызы Ақмаңдай мен Құрманғазының күйтартысын кездесі үстінде шыққан күй. Құрманғазы Адай руының атын жалпыламай ұғымда алып, еркіндік сүйген елінің қайтпас күшіне арнап шығарған.


Күйдің шығу тарихының бір баламасы:
Бірде Құрманғазы адай аулына келіп бір үйге түскен екен.
Сонда бір жас қыз домбыра шертіп отырған екен. Бір күй тартып берген екен. Құрманғазы тындап отырып, күй орныдалғаннан кейін "Ееей, қызым, күйдің шоғын тартпай, боғын тартыпсың!", - деп, Адайды тарта жөнелген екен.

No comments: